Теннистен Дэвис кубогы: Пәкістанмен матчқа жеңіс үшін шығамыз – Қазақстан капитаны

АСТАНА. KAZINFORM – Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында 1-2 ақпанда Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасында өтетін плей-офф матчы қарсаңында дәстүрлі баспасөз мәслихаты болды.

Теннистен Дэвис кубогы
Фото: ҚТФ

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағаламауға болмайтынын атап өтті.

- Пәкістан нашар команда емес, сондықтан матчта ұту үшін дайындалудамыз. Біз барынша күшті құраммен ойнап, жеңіс үшін барымызды саламыз. Жұптық бәсеке туралы айтсақ, түрлі нұсқаны қарастырудамыз. Теннисшілерді жаттығу барысында байқап көреміз. Жеребеге дейін бәрі анықталады, - деді Ю.Щукин.

Пәкістан командасының капитаны Мухаммад Хасееб Аслам қазақстандықтардың фаворит екендігін мойындады.

- Біз ауа райына бейімделіп, кортқа үйрену үшін Астанаға ертерек келдік. Қазақстан құрамасының мүшелері – бәрі де тәжірибелі ойыншылар. Жоғары деңгейде көптен бері өнер көрсетіп келеді, бізден анағұрлым мықты. Соған қарамастан, біз де жеңіс үшін келдік. Біздің құрамада өз мүмкіндігін күткен жастар көп. Сондықтан теннисте бәрі де мүмкін, жоғары нәтижеге жетуге ұмтыламыз, - деді Мухаммад Хасееб Аслам.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Ахмади Мақанов туралы не білетінімізді жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Аустриядағы жарыстың ширек финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар