АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы жылы 5-11 қаңтарда өтетін Гонконг ATP 250 турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик аталмыш жарыста бақ сынайды.
Бұл Бубликтің 2026 жылдағы бірінші жарысы болмақ.
Гонконгте сондай-ақ италиялық теннисші, әлемнің 8-ракеткасы Лоренцо Музетти, ресейліктер, рейтингіде 16-сатыдағы Андрей Рублев, Карен Хачанов (18-орын) және басқа да теннисшілер додаға қосылады.
Осы мерзімде Аустралияда ерлер арасында Брисбен ATP 250 турнирі де өтеді.
Биыл Бублик Галле (Германия), Гштаад (Швейцария), Кицбюэль (Аустрия) және Ханчжоу (Қытай) жарыстарында үздік шыққан болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жаңа жылда қатысатын алғашқы турнирі анықталғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).