Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастыққа тоқталды. Беларусь президенті жинақталған тәжірибе негізінде технологиялармен бөлісіп, кадр даярлауға жәрдемдесуге ниетті екенін айтты.
— Біз Ресеймен серіктестікте АЭС салу жұмыстарына қатысып жүрміз. Егер біздің тәжірибеге қызығушылық танытсаңыздар, онда кез келген уақытта келіңіздер. Біздің қызметкерлер өзбек тарапының мамандарымен сөйлуге дайын. Біз АЭС құрылысына жәрдемдесеміз, - деді Александр Лукашенко.
Беларусь АЭС-ті жобалаудан бастап, энергия блоктарын пайдалануға бергенге дейінгі кезеңдердің барлығында көмек көрсетуге әзір. Минскінің қолдауы Орталық Азиядағы алғашқы АЭС-ті құру процесін жеделдетуге ықпал етпек.
Еске салайық, Өзбекстанда салынып жатқан АЭС Жизақ, Самарқанд және Науаи облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз етпек.
Сондай-ақ таяуда Өзбекстанда атом электр станциясы құрылысының бірінші кезеңі басталғанын жазып едік.
23 желтоқсанда Өзбекстанда АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.