АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін тағы бір эквадорлық Диего Идальго – колумбиялық Кристиан Родригеспен өткізді.
А.Недовесов – Г.Эскобар 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 8 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Д.Идальго – К.Родригес 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.
Қазақстандық-эквадорлық жұптың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
А.Недовесов ATP Live рейтингісінде қазіргі кезде 49-орында тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның екі айда бес рет WTA турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).