Елена Рыбакина екі айда бес рет WTA турнирінің ширек финалына шықты

рыбакина
Фото: спортшының Instagram парақшасынан

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жаңа маусымның алғашқы екі айында бес рет WTA турнирінің ширек финалына шыққан. Қазақстандық спортшы соңғы он жылда осындай нәтижеге қол жеткізген үшінші теннисші атанды.

Бұдан бұрын испаниялықтар Карла Суарес-Наварро (2015) және Гарбинье Мугуруса (2020) сондай көрсеткішпен көзге түскен болатын.

Биылғы маусымда Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) мен Әбу-Дабиде (БАӘ) чемпион атанса, Аделаидеде (Аустралия) ширек финалда ұтылды.

Ал Доха (Қатар) WTA 1000 жарысының финалына дейін жетті.

21 ақпанда Е.Рыбакина Польша өкілі Магдалена Френхті ұтып, Дубай WTA 1000 додасының ширек финалына өтті. 

Биыл қазақстандық теннисші барлығы 20 кездесу өткізіп, соның 17-сінде жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайда 13 эйс жасап, ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram