Есесіне Александр Шевченко 100-ден 84-сатыға жоғарылады.
Өткен аптада А.Шевченко Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жеткен еді. Ал А.Бублик өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмай, екінші айналымда тоқтады.
Енді қазақстандық қос теннисшіге тағы бір сын сағаты туып тұр. Олардың екеуі де бүгін басталатын Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 жарысында өнер көрсетеді. Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда италиялық Федерико Чина немесе аргентиналық Факундо Диас Акостаның біреуімен ойнайды.
А.Шевченко алғашқы айналымда әлемнің 41-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфтан өтуге тырысып көреді.
Өткен жылы А.Бублик Кицбюэльде ширек финалда А.Шевченконы жеңіп, кейін чемпион атанған еді. Биыл екеуіне де сол рейтингілік ұпайларын қорғауға тура келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Румыниядағы Яссы турнирінде жарыстың 1-ракеткасын жеңген Жібек Құламбаеваның финалға шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Шевченко Швейцариядағы турнирде Бубликтің кеткен есесін қайтарды.