АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 91-ракеткасы Александр Шевченко Алматы ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 79-ракеткасы, сербиялық Ласло Джеремен өткізді.
Тартысты өткен екі партия да Шевченконың пайдасына шешілді — 7:6 (7; 1), 7:6 (14:12).
Екі сағат 6 минутқа созылған бәсекеде Александр Шевченко 10 эйспен бірге 3 брейктің біреуін пайдаланды. Джере 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 41-ракеткасы, франциялық Корентен Мутемен шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріне қатыса алады ма, соны жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).