АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 104-ракеткасы Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған, рейтингіде 175-орындағы швециялық Элиас Имермен өткізді.
Матчты швециялық спортшы жақсы бастады – 6:3. Дегенмен бұдан кейін Шевченко ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды – 7:5, 6:4, 6:1.
Үш сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаға асырды. Имер 1 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Шевченко үшінші айналымға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 29-ракеткасы Лернер Тиен немесе рейтингіде 51-сатыдағы Маркос Хиронның қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ 14 жастағы қазақстандық теннисші Дубайдағы жарыста үздік шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).