Александр Шевченко Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 111-ракеткасы Александр Шевченко Цзинань (Қытай) челленджер турнирінде екінші матчын жеңіспен аяқтады.

Фото: instagram.com/shevchenkoo_17

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 260-орындағы жапониялық Джей Дилан Хара Френдпен бетпе-бет келді.

Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. 

Бірінші партияда А.Шевченко қарсыласына бірде-бір гейм бермеді — 6:0.

Екінші сетте 6:4 есебі тіркелді.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Жапониялық теннисші 2 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Александр Шевченко әлемнің 86-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччи немесе рейтингіде 207-сатыдағы франциялық Лука Павловичтің қай жеңгенімен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Қытайдағы турнирде жарыстың фаворитін жеңгенін жазған едік. 

Сондай-ақ Анна Данилина Қытайдағы жарыста ширек финалға жолдама алды.

Қытайдағы Ухань турнирінде Рыбакинаның рейтингідегі басты қарсыласы жеңіліп қалды.