Ерлер арасында топтық жарыста Алексей Луценко, Евгений Федоров, Николя Винокуров ел намысын қорғады.
Қортындысында, қазақстандық спортшы Алексей Луценко 4 сағат 13:11 минут нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.
Осылайша, отандасымыз 6 дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Ол осыған дейін Инчхон (2014жыл), Джакарта (2018 жыл) және Ханчжоу (2023 жыл) Азия ойындарында жекелей және командалық сында төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын.
Сонымен қатар, Алексей Луценко Нагоядағы Азиадада алғашқы жарыс күні жекелей сында топ жарды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Евгений Федоров 4 сағат 15:09 минут нәтижемен күміс жүлде еншіледі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды.
Сондай-ақ, жеңіл атлет Кристина Морозова ел қоржынын күміс медальмен толықтырды.