Әлем чемпионаты: Қазақстандық 4 боксшы финалға шықты
02:41, 03 Желтоқсан 2023
Арменияның Ереван қаласында өтіп жатқан бокстан юниорлар арасындағы әлем чемпионатының ақтық кезеңінде Қазақстан құрамасынан 4 боксшы өнер көрсетеді. Кazinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.
3 желтоқсанда Қазақстан сапынан: Аяжан Сыдық (54 кг) Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен, Толғанай Қасымхан (60 кг) ресейлік Кира Леоновамен, ал Айсұлу Мұхит (66 кг) румындық спортшы Амалиа Тугуимен кездеседі.
4 желтоқсанда ерлер арасында Қазақстан құрамасынан 54 келіге дейінгі санатта Нұрасыл Төлебек үндістандық Джатинмен жұдырықтасады.