Осылайша отандасымыз Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін 8 боксшымыз жартылай финалға шығып қойған болатын.
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, мұның алдында Ливерпуль қаласындағы бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде неше боксшымыз шаршы алаңға шығатынын жазған едік.