Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылар финалдық айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар Сәкен Бибосынов (51 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) финалдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екі боксшының да финалдағы қарсыластары америкалықтар: Бибосынов Роско Хиллмен, ал Теміржанов Жамал Харвимен кездеседі.

Еске салайық, дәл қазір Қазақстан құрамасы 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын. Финалдың екінші күні басталар алдында Қазақстан медальдық есепте Ресей (1-1-2) және Жапониядан (2-0-0) кейін үшінші орында тұр.