АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жуырда Албания астанасы Тиранада еркін күрестен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Нұрқожа Қайпановқа жаңа көліктің кілті табыс етілді.
Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, кәсіпкер, күрес жанашыры Ерлан Қожасбай әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта үздік шыққан Нұрқожа Қайпановқа жаңа көлікті сыйға тартты.
Өз кезегінде әлем чемпионы да алғысын айтты.
«Қазақ балуандарын әрдайым қолдап келесіз. Бізді құрметтеп, қолдағаныңыз үшін көп-көп рахмет. Алла разы болсын!», - деді Н.Қайпанов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқожа Қайпановтың еркін күрестен әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов алдағы мақсаты – Олимп шыңын бағындыру екені туралы айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).