Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Албания астанасы Тирана қаласында олимпиадалық емес салмақтарда еркін күрестен өтіп жатқан  әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов жеңімпаз атанды.

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бұған дейін 2019 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде күміс алған 70 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан финалда жапониялық Йошиносуке Аоягимен сынға түсті.

Бірінші кезең 1:0 есебімен жапониялық спортшының пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде Нұрқожа 3:1 есебімен алға шықты. Қорытынды есеп – 5:3, Нұрқожа Қайпановтың пайдасында.

Осылайша, Н.Қайпанов Ризабек Айтмұқанның өткен жылғы жетістігін қайталады. 

Қайпанов
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Тағы бір қазақстандық балуан Дәулет Ергеш (79 кг) жұбаныш белдесуінде жапониялық Кота Такахашидан жеңіліп қалды. Дәулет 9:0 есебімен алда тұрды, оған жеңіс үшін бір ұпай қажет еді. Алайда сол мүмкіндігін пайдалана алмай, 10:21 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпановтың бас жүлдеге, Дәулет Ергештің қолаға таласатынын жазған болатынбыз.

Жәмила Бақбергенова үш мәрте әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.