Әлем чемпионы, аса ауыр салмақта басты фаворит саналатын Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен күш сынасты.
3 раундқа жалғасқан бәсекеде отандасымыз төрешілердің назарын аудартып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қос боксшы 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында да айқасып, Айбектің мерейі үстем болған еді.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
½ финал. Жоел Рамос — 3:2
¼ финал. Мэтью Уильямс — 5:0
1/8 финал. Нажай Райт — 5:0
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын жеңіп, алтын медаль иеленгенін жаздық.