Санжар Тәшкенбай Қытайдағы Әлем кубогының жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын жеңіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

а
Фото: ҰОК

2 дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай финалда Азия чемпионы, өзіне жақсы таныс Асилбек Жалиловпен (Өзбекстан) жұдырықтасты.

Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен Санжар Тәшкенбайды жеңімпаз деп таныды.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

½ финал. Мартин Молина Сальвадор — 5:0

¼ финал. Анваржан Ходжиев — 5:0

Бұдан бұрын Абылайхан Жүсіпов Қазақстанға Әлем кубогының алтынын сыйлағанын жазғанбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбай мен Виктория Графеева Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы атанды.