Әлем тұрғындарының 25 пайызында метаболикалық синдром белгілері кездеседі
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Метаболикалық синдром 2025: ХХІ ғасырдың жаһандық трендтері мен сын-қатерлері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қазақстан, Швеция, Грузия және Ресейдің жетекші сарапшылары қатысты.
Метаболикалық синдром — қазіргі клиникалық тәжірибедегі ең өзекті жағдайлардың бірі, 2 типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, алкогольсіз бауырды май басу аурулары, семіздік және басқа созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуымен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі ересек тұрғындардың 25%-дан астамында метаболикалық синдром белгілері бар деп есептейді.
Денсаулық сақтау министрлігінің бас эндокринологы Лаура Даньярова бұл дерттің жастар арасында жиілеп бара жатқанын және бұл үрдіс бүкіл әлемде де байқалатынын атап өтті.
— Біз 2 типті қант диабетінің бариатриялық немесе метаболикалық хирургиясы сияқты өзекті тақырыпты қарастырып жатырмыз. Бұл 2 типті қант диабетін емдеудің, хирургиялық әдістерді қолданудың жаңа стандарттарының бірі, — деді дәрігер.
Грузиялық эндокринолог Елена Гиоргадзе метаболикалық бұзылыстарының негізгі себебі адамның өмір сұру салты екенін тілге тиек етті. Қимылдың аздығы, артық салмақ, тамақтану тәртібінің бұзылуы.
Конгресс тақырыптарының ішінде семіздікті, қант диабетін, бауырдың метаболикалық-ассоциацияланған стеатотикалық ауруын емдеуге, эндокриндік бұзылуларды диагностикалау мен емдеудің, бариатриялық хирургия мен нутритивтік қолдаудың сондай-ақ пациенттерді бақылаудың психосоматикалық аспектілерінің заманауи әдіс-тәсілдеріне ерекше назар аударылатын болады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жәмилә Қайбуллаева конгресс барысында қазақстандық және шетелдік дәрігерлер метаболикалық синдромды емдеу мәселелерін талқылағанын айтты.
— Дәрігерлер семіздікті, қант диабетін, бауырдың метаболикалық-ассоциацияланған стеатотикалық ауруын емдеуге, эндокриндік бұзылуларды диагностикалау мен емдеудің, бариатриялық хирургия мен нутритивтік қолдаудың сондай-ақ пациенттерді бақылаудың психосоматикалық аспектілерінің заманауи әдіс-тәсілдеріне ерекше назар аударып, өзара тәжірибе алмасты, — дейді ол.
Бұған дейін, Қазақстанның репродуктивті медицинасы жасанды интеллект арқылы бедеулікті емдеудің ең заманауи әдістерін қолданып жатқаны туралы жазған едік.