Әлемде 53 млн адам есірткі тұтынады - БҰҰ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен ұлттар ұйымы есірткі айналымы бойынша 2019 жылғы ахуал жөнінде бүкіләлемдік баяндамасын жариялады. Баяндама мәтінін ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта есірткіқолданушыларының саны болжамды мөлшерден 53 пайызға асып, 53 млн адамға жеткеніайтылған.

«Синтетикалықесірткі айналымы артқан сайын фентанил мен оның баламаларын тұтынып көз жұмғанадамдар саны көбеюде. 2017 жылы есірткіден 585 мың адам ажал құшты. Осыөлімдердің үштен екісін опиум тудырған. Әлемде ең көп таралған есірткі –қарасорадан алынатын каннабис. Ал ең қауіпті есірткі – героин мен опиум.Әлемдегі героин айналымының ең ірі бағыты бұрынғыдай Балқан арқылы өтуде. Яғни,есірткі Ауғанстаннан Иранға, Түркияға, Балқан елдеріне контрабандалық жолментүседі», - делінген баяндамада.

Сондай-ақ, героин Ауғанстаннан Пәкістан арқылыОңтүстік Азияға, Африкаға және Орталық Азия арқылы Ресей нарығына шығатыныайтылған. Дегенмен, халықаралықсарапшылардың мәліметінше, бұл бағыттардың маңыздылығы бара-бара төмендеп келеді. Мұныолар синтетикалық есірткінің кеңінен таралуымен түсіндіріп отыр.

Баяндамада ОрталықАзия елдері бұл бағытта БҰҰ-ның Есірткіжәне қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен әрекет етіп жатқаны айрықшааталған. Алматыда орналасқан ОрталықАзия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы сияқты платформалар арқылы өңірдеынтымақты күрес жүріп жатқаны да құжатқа арқау болған.

Аталмыш баяндаманың толық мәтінімен ҚР Ішкі істер министрлігінің ресмипорталынан танысуға болады.

БҰҰ Бас хатшысы АнтониуГутерриштің үндеуінде мемлекеттер нашақорлықтың алдын алуы, есірткігеқұмарларды олардың құқықтарын сақтай отырып, оңалтудан өткізуі қажеттігін атапөтті. Бұл ретте, отбасы, мектеп пен қоғам маңызды роль ойнайды. БҰҰ Бас хатшысысондай-ақ, ел үкіметтерін жастармен жұмыс істеп, олардың салауатты өмір салтынұстануына қолғабыс етуге шақырды.