— Осылайша Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады, — деп хабарлады Қазақстан Республикасының Бас консулдығы «Бурдж-Халифа» ғимаратының бейнежазбасын жариялап.
Айта кетелік Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өткен еді.