Әлемдегі ең жасы үлкен панда Цзя Цзя өзінің 38 жылдығын тойлады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконг Мұхиттық саябағында (Ocean Park) 8 тамызда Цзя Цзя есімді ең жасы үлкен панданың 38 жылдығын тойлады, деп хабарлады epochtimes.ru.

Әлемге әйгілі панданы Гонконг тұрғындары құттықтады. Саябақ жануары Гиннестің рекордтар кітабына екі рет енген.

Панда 1978 жылы қытайлық Сычуань провинциясында дүниеге келген. Цзя Цзя-ны Гонконгқа 1999 жылы апарған. Панда алты жануарды дүниеге әкелді, оның төртеуі тірі.