Әлемнің экс-екінші ракеткасын жеңген Рыбакина: Матч өте ауыр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында испаниялық Паула Бадосамен өткен ойынға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық спортшы матчтың өте ауыр болғандығын жеткізді.
«Мен бірінші сетті нашар өткіздім, дегенмен біртіндеп өз күшімді таба білдім. Доп беруге назар аударып, кортта жылдамырақ қимылдауға тырыстым. Шынында да бұл ауыр тиді. Әр сәт сайын жинақы ойнауға тырыстым, өйткені бірінші сет менің пайдама шешілген жоқ. Бірнеше қате жібердім. Тұтастай алғанда, жақсы өнер көрсеттім. Паула допты жақсы берді. Мен үш сетте жеңгеніме қуаныштымын», деді Е.Рыбакина.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездеседі. Ол хорватиялық Петра Мартичті жолдан тайдырды – 6:4, 6:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).