Әлемнің танымал монументтері Британ туының түсіне боялды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Манчестерде болған теракт құрбандарын еске алу үшін әлемнің танымал монументтері Британ туының түстеріне боялды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «The Telegraph»  сайтына сілтеме жасап.  

 
Дубайдағы Бурдж-Халифа мұнарасы, Орландо қаласындағы шолу шеңбері, Тель-Авивтегі муниципалитет, Белфасттағы Сити Холл ғимараты, Амстердамдағы Орталық вокзал ғимараты және Лондонның Уэмбли стадионы Манчестердегі жарылыста қаза тапқан құрбандарды еске алу үшін «Юнион Джек» түсіне боялды.

  

Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг, Париждегі Эйфель мұнарасы сынды өзге де танымал орындар аза тұту құрметіне жарықтарын сөндірді.
 

Сонымен бірге, Загреб пен Женевада субұрқақтарында да Ұлыбритания туы көрініс тапты.
  


Еске сала кетсек, 22 мамырда Ұлыбританиядағы Манчестер стадионында әнші Ариана Гранденің концертінен кейін жарылыс болды. Салдарынан 22 адам опат болып, шамамен 59 бейбіт тұрғын жарақат алды, көпшілігінің жағдайы ауыр. Жарылыс жауапкершілігін ДАИШ террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) мойнына алды.