Әлеуметтік желіде арандатушылардың тәртіпсіздік әрекеті бейнеленген видеолар тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде арандатушылардың тәртіпсіздік әрекеттері бейнеленген видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде бірнеше адамның полиция көлігін итеріп, теңселтіп жатқан сәтінен видео тарады. Видеодан халықтың ондай тәртіпсізікке өздігімен тоқтау салып, көпшілікті оқыс әрекеттен сақтандырып жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ, БАҚ-та Алматы қаласында арандатушының полиция қызметкерін соққыға жыққаны туралы мәлімет тарады.

Желіде бірнеше полиция көлігінің өртеніп жатқан видеосы да жүр.

«Медизона» ресурсы ереуілшілердің әрекетін видеоға түсірген тілшіге шабуыл жасалғанын жазды.

Елдегі жағдайға байланысты өнер адамдары да алаңдаушылық білдіріп, халыққа басу айтып жатыр.

Ардагер актер, Халық әртісі Асанәлі Әшімов елдікке үндесе, әлем таныған дара талант Димаш Құдайберген жырақта іссапарда жүрген жерінен сәлемін жолдады.