Бастамаға қосылатындар әлеуметтік желі пайдаланушылары ұстаздарына алғыс айтуы керек.
«Акцияға қатысу үшін желі қолданушылары мұғалімдеріне арнаған құттықтауларын фото немесе видеоға түсіріп, Instagram, Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне #ұстаздаркүні #поздравьсвоегоучителя #деньучителя хэштегтерімен бірге жүктейді.
Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады. Басты мақсат - ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету», - делінген БҒМ-ның Фейсбуктегі парақшасында.
Министрлік челленджге қатысып, эстафетаны достарарасында таратуға шақырады.