Жергілікті мемлекеттік органдардан - облыстық ІІД, прокуратура және жедел медициналық қызметтің ауруханаларынан алынатын ақпараттың жеткіліксіз болуы салдарынан әлеуметтік желілер, соның ішінде ватсаптағы топтар бір-біріне тұтқындар мен лаңкестер жайлы хабар таратуда. Ондағы жазбаларға қарағанда, лаңкестер Некрасов көшесінің бойындағы үйде отыр-мыс. Сонымен қатар ғаламтордан жүктеп алынған жалған видеороликтерді таратып жатыр.
Қаладағы қоғамдық көлік пен дүкендер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.