«Әлеуметтік желілерде Қарағанды мен Алматы қалаларындағы ойын алаңдарында балалардың ұрлану әрекеттері туралы қауесеттердің тарауына, сондай-ақ пайдаланушылардың парақшаларында куәгерлердің сөздері негізінде жасалды делінген «фотороботтың» орналасуына байланысты ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, аталған ақпараттың ішкі істер органдары бөліністерінен таралмағандығын және мақсатты араңдату әрекеті екендігін хабарлаймыз», - делінген хабарламада. Министрліктің ақпаратына қарағанда, жалған қауесеттердің жарияланымы мен таралу фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Елдегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
18:04, 30 Мамыр 2014
Әлеуметтік желілерде тараған бала ұрлығына қатысты ақпараттар шындыққа жанаспайды - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде бала ұрлығына қатысты ақпараттар шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.