«Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін ел азаматтарының қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс басталды. Ресми органдардың ескертулеріне қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде құқық қорғау органдары қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты - құқық қорғау органдарының беделін түсіру ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесін тұрақсыздандыру», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, ақпараттық шабуылдың негізгі бөлігі елден тыс жерлерден таратылады.
«Бүгінде әлеуметтік желілерде шетелде тіркелген 43 аккаунт анықталды. Көрінеу жалған ақпаратты таратудың барлық деректері бойынша кінәлілерді заңмен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту шаралары қолданылып жатыр»,- деді Санжар Әділов.