Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 6,5 трлн теңге бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Президент Жолдауын іске асыру аясында инфрақұрылымға қанша қаражат бөлінетінін айтты.

Фото: Kazinform/ЖИ

Оның айтуынша, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 12 бағыт бойынша 96 (оның ішінде 80 Үкіметтік) іс-шарадан тұрады.

— Инфрақұрылымдық жаңғыру бағыты аясында «Халықтық құрылыс» даму жоспары бекітіледі. Сонымен қатар, 2027 жыл Халықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланады. Негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді. Қалалық ортаны жаңартудың жүйелі негізі ретінде ірі қалаларды ұзақ мерзімді дамытуды ескурбаниере отырып, қала құрылысы құжаттарын әзірлеу (урбанистика), сондай-ақ олардың цифрлық сыңарын жасау іске асырылады, — деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Жалпыұлттық жоспар аясында сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды қаржыландыру, тұрғын үй құрылысын жалғастыру, елді мекендерді ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету қарастырылған.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» жобасы мақұлданып, тиісті қаулы қабылданды.