Азиада-2026: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

НАГОЯ. KAZINFORM — Қазақстандық велоспортшы Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Фото: Владислав Семенов

Қазақстандық спортшы әйелдер арасында тасжолдағы велоспортта 36 минут 23.72 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі.
Қытайлық спортшы Чжан Хао және оңтүстік кореялық Шин Джиеун үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко ерлер арасында жекелей сында жарыс жолына шығады.

Еске салайық, ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).

Айта кетейік, Арлан Жаңабай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Осыған дейін Қазақстан спортшыларының 20 қыркүйектегі жарыс кестесі жариялаған болатын.