Әлихан Смайылов шахтадағы апаттар туралы: Бірінші кезекте кәсіпорын басшылығы кінәлі

АСТАНА. Kazinform - Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан шахталарында еңбек қауіпсіздігі сақталмайтынын сынады. 

Фото: primeminister.kz

«Мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмысын жүргізіп, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Осындай апат биыл тамыз айында да болған. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты. Көп адамның өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауыyf тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, кейін 45 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Осыған байланысты Қазақстанда 29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.