- Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында оларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы (Қылмыстық кодекстің 139-бабы) қос алғанда қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осы санаттағы сотқа жолданған қылмыстық істердің үлесі 2020 жылғы 11%-дан 2025 жылы 37,1%-ға дейін өсті, - деді Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтеді.
- Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті одан әрі қатаңдату берешектің нақты өтелуіне өздігінен кепілдік бермейді. Атап айтқанда, бас бостандығынан айыруға байланысты жаза борышкердің табыс табу және алимент төлеу міндеттемелерін орындау мүмкіндігін шектеуі ықтимал. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың сипатын, жауапкершіліктің мөлшерлестік қағидатын және алименттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, қылмыстық және әкімшілік санкцияларды өзгерту мәселелері заң шығару қызметі аясында қосымша зерделенетін болады, - деді Премьер-министр.
Үкімет басшысының сауалына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, 2026 жылдың 9 айында Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 991 қылмыстық іс өндірісте болған. Оның ішінде 356 іс сотқа жолданған. Бұл аяқталған істердің 43,2%-ын құрайды. Тағы 185 іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Сондай-ақ осы уақыт ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша 3 477 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті.