Әлия Назарбаева «МУЗ-ТВ 2015» сыйлығына үміткерлерге сәттілік тіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қазiр «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жыл сайынғы сыйлығын табыстау рәсiмi өтуде.

Биыл алғаш рет сыйлықты табыстау рәсiмi Мәскеуден өзге жерде ұйымдастырылуда.

«Бүгiн осы шара арқылы Қазақстанның музыкалық мәдениетiмен және әртiстерiмен, Қазақстан сынды керемет әрi көркейiп келе жатқан елмен таныса аламыз», - дейдi «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетьяров.

Оның сөзiне қарағанда, Мәскеуден 1000-нан астам мейман келiп отыр.

«Мен бүгiн екi есе қобалжып отырмын, өйткенi шараны Қазақстанда, Астанада өткiзудемiн. Бұл Азияның маржаны, бiздi аса жоғары қонақжайлықпен қарсы алуы әртiстердiң мәңгi естерiнде қалады. Мәскеуден 1 мыңнан астам әртiс, әрiптестер, достар келдi. Мен барлығына рахмет айтқым келедi», - деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, «МУЗ-ТВ 2015» сыйлығын табыстау рәсiмiне Әлия Назарбаева келдi.

«Әрине, «Муз-Тв» сыйлығы алғаш рет орнын ауыстырып, Астанада өткiзiлiп жатқаны барша Қазақстан үшiн үлкен абырой. Барлық әртiстерге сәттiлiк тiлегiм келедi. Ал бiзге теңiздей әсер алуға тiлектеспiн», - дедi Ә. Назарбаева.

Шараны Максим Галкин, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева және Андрей Малахов, Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сағатова жүргiзуде.

Айта кетейік, МузТВ сыйлығын тапсыру рәсімі алғаш рет Астанада өтуде. Бұл шоуды жүз миллионнан астам телекөрермен «Қазақстан», «МузТВ» және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. «МУЗ-ТВ сыйлығы» - шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі. Оны 2003 жылдан «МУЗ-ТВ» арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады. «МУЗ-ТВ» сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылды.