Түркістан қаласындағы Әлқожа ата кесенесінде ғылыми-реставрация жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді.
Бүгінде «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары кесененің ішкі бөлігін қалпына келтіру жұмысын аяқтады. Зияратхана қабырғалары, үлкен күмбезі мен сыртқы ағаш бағандары тазартылып, қайта боялды. Кесененің едені көне үлгідегі кірпішпен қайта төселді.
Алдағы кезеңде тіреу бағандары, қасбеттер, кірпіш сылақтары және бүгінге дейін сақталған сәндік өрнектер қалпына келтіріледі. Сонымен қатар күмбез бен сыртқы кірпіш беттері арнайы өңдеуден өткізіліп, айванның жекелеген тұстары қайта жаңғыртылады. Кесене маңы да абаттандырылады.
Ғылыми-реставрация жұмыстары ескерткіштің сәулеттік келбеті мен көркемдік ерекшеліктерін барынша сақтай отырып жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетелік Жаркент мешітінде тарихи келбетті сақтай отырып реставрация жүргізіліп жатқаны туралы жазған едік.