Күні бойы жауған нөсер кешқұрым ғана тыйылып, аспанға алып кемпірқосақ ілінді. Дәл осы кезде күн батқан көкжиек алқызыл әрі алтын түске бөленіп, маңайға ерекше сәуле тарады. Күні бойы көрінбегенімен сағат тоғыз аса күн көзі жарық шашып, елордаға ерекше рең сыйлады.
Әлеуметтік желіде елорда тұрғындары әртүрлі суреттерді таратып жатыр. Елорданың ерекше кеші қала халқына керемет көңіл-күй сыйлаған секілді.
Еске сала кетсек бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі астанада бір түнде жаңбырдың жарты айлық мөлшері жауғаны туралы мәлімет таратқан болатын. Қазгидрометтің мәліметінше, маусының 15-нен 16 қараған түні 22 мм жаңбыр жауды, айлық мөлшер – 37 мм . Бұл айлық мөлшердің жартысынан көбі. Қала көшелерін су басуына жол бермеу үшін әкімдік нөсерлік кәріз құрылысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.