«Видеодағы оқиға «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында болған. Алматы облысының тұрғыны шекара қызметінің әскери қызметшісіне күш қолданып, оның бетінен жұдырығымен ұрып жіберген. Қазіргі уақытта бұзақы ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алмас Садубаев.
08:41, 20 Қыркүйек 2018
Алмас Садубаев Қорғаста шекарашының соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев әлеуметтік желідегі әскери қызметшінің соққыға жығылғаны бейнеленген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.