— Оңтүстік-Шығыс Азияның бір елінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік заты «марихуана» табылған. Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды, — делінген хабарламада.
Полиция органдары бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК шекарада 6,9 млрд теңгенің декларацияланбаған валютасын алып өтпек болғандарды тоқтатқан еді.