Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан рейстердің жаңарған статусын ұшар алдында әуежай мен әуе компанияларының ресми сайттарынан тексеру керектігін ескертті.
- Барлық қызметтер рейстердің кешігуін азайту және операциялардың қалыпты тәртібін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады әуежайдан.
Қазіргі уақытта ұшу уақыты кешігіп жатқан рейстер қатарында Ташкент, Қостанай, Астана бағыттары бар.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында түкірген шетелдікке айыппұл салынып, рейстен түсірілгенін жазғанбыз.