Алматы хайуанаттар бағында 31 түрлі жануардан 87 төл дүниеге келді

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы хайуанаттар бағында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиевтің айтуынша, аумағы 21 гектарды қамтитын хайуанаттар бағында қазіргі уақытта 385 түрге жататын 4 мыңнан астам жануар, құс және бауырымен жорғалаушылар бар. Олардың 76 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының қауіпсіздік тізіміне, ал 24 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. 

Фото: Алматы әкімдігі

Сонымен қатар 2025 жылы қалалық хайуанаттар бағында 31 түрлі жануардан 87 төл дүниеге келген. Зообақ коллекциясы жаңа және сирек кездесетін бизон, тамандуа, цивета, генета, агама сияқты түрлермен толықтырылған. 

– 2025 жылы зообаққа келушілер саны 1,2 миллион адамға жетті. Бұл біздің зообақтың елдегі және аймақтағы танымалдығын айқын көрсетеді. Жыл сайын келушілер санының өсуі – біздің жұмыстарымыздың және табиғатты қорғау миссиямыздың көрінісі, - деді басқарма басшысы. 

Данияр Алиев 2025 жылы Алматы хайуанаттар бағы Еуропалық зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының толыққанды мүшесі ретінде қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл Алматы хайуанаттар бағы биыл ауқымды реконструкциядан өтеді. Жоба жүзеге асырылған соң, зообақ жылына 2 млн адамды қабылдай алады. 

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, Алматы зообағы Оңтүстік Америкадан келген ерекше жануармен толықты.