«Энергосбыт» мәліметіне қарағанда, 12 қыркүйектен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін тарифтері өзгереді. Оған 2026 жылдың 15 шілдесінен бастап «ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бірыңғай сатып алушысынан электр энергиясын сатып алу бағасының 13 теңге/кВтсағаттан 16 теңге/кВтсағатқа дейін, яғни 23%-ға өсуі себеп болған.
Тұтынушылар топтары бойынша:
1-топ: электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар — 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 32,69 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 37,92 теңге);
2-топ: электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланбайтын тұтынушылар — 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 43,13 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 50,03 теңге);
3-топ: мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, акциялары мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды, тікелей немесе жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар — 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 43,43 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 50,38теңге);
4-топ: арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушылар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары және оның ведомстволары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер — 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 39,30 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 45,59 теңге).
Жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:
- 1-деңгейдегі тариф — 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 29,55 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 34,28 теңге);
- 2-деңгейдегі тариф — 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 39,23 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 45,51 теңге);
- 3-деңгейдегі тариф — 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 49,04 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 56,89 теңге).
Еске салайық, апта ішінде Алматының кей аудандарында уақытша жарық өшірілетінін жазғанбыз.