Кешен тұрғындарының бірі Instagram желісінде қазандыққа қызмет көрсететін ұйымның қарызы салдарынан 5 088 отбасы жылусыз қалғанын айтты.
Алматы облысының әкімдігі «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС газбен жабдықтау бойынша дебиторлық қарызына байланысты қазандық өшірілгенін жеткізді.
«Соның салдарынан 20 мыңнан астам адам тұратын 5 088 пәтер жылусыз және ыстық сусыз қалды», — деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазандыққа сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқару негізінде «АлатауКомСервис» ЖШС қызмет көрсетеді.
«4 наурыз күні сағат 20:00–дегі жағдай бойынша қазандықта газ беру қалпына келді, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. „Асыл Арман“ мүліктің меншік иелері бірлестігі қызметкерлері жылу және ыстық су жүйелерін реттеу жұмысын жүргізіп жатыр», — деп толықтырды әкімдіктен.
Атап өтілгендей, қарыз сомасы — 47,457 млн теңге.