Желідегі деректерге қарағанда, 5,2 магнитудалық жер сілкінісі 24 қаңтар күні сағат 21:01 кезінде болған. Зілзаланың ошағы Алматыдан 256 км қашытықта Қырғызстан мен Қытай шекарасында жатыр. Қазақстан аумағында ол сезілмеген.
Екінші рет жер сағат 21:04 кезінде сілкінген, магнитудасы 5,1. Зізала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 км қашықтықта Қырғызстан мен Қытай аумағында жатыр. Қазақстанда бұл жолы да жерасты дүмпуі сезілмеген.
Үшінші рет жер сілкінісі соңғысынан кейін 16 минут өткенде, яғни сағат 22:20-да болған. Магнитудасы 4,8. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр.