Алматы мен Астананың айырбастау орындарында доллар құны қанша

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: pexels

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 442,8 теңгеден сатып алынады, 449,83 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 510,90 теңге, сату - 520,86 теңге;
- рубль: сатып алу - 4,97 теңге, сату - 5,17 теңге;
- юань 68,5 теңгеден сатып алынады, 72,00 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 444,2 теңге, сату - 446,17 теңге;
- еуро: сатып алу - 512,02 теңге, сату - 517,24 теңге;
- рубль 4,99 - 5,13 теңге аралығында саудаланады.
- юань 67,5 - 71 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 16 қыркүйекте қор нарығында доллар шамамен 3 теңгеге төмендеген еді.