Алматы метросында қосымша пойыз қатынайтын болды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде қала метросында жылжымалы құрамның саны өсті, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаланың қарбалас кезінде метрополитен желісінде енді 5 минут 38 секунд жиілікпен 11 жылжымалы құрам жүретін болады.

"Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгені ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды. Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыда метродағы пойыздардың жүру аралықтары 6 минутқа дейін қысқарған еді.

Сондай-ақ Алматыда метромен жүретіндер саны артқан.

Сонымен бірге, Алматылықтар жыл соңына дейін метрода 5 теңгемен қатынай алатыны туралы жазғанбыз.