Қайғылы оқиға «Абай» метро бекетінде болған. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, рельске құлап кеткен 26 жастағы жігіт мерт болды.
— Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматының метро бекеттерінде биыл 70-тен астам қауіпті заттар табылғанын жазғанбыз.
Бұдан бөлек, Алматының метро бекеттерінде кітап автоматтары орнатылатыны белгілі болды.