Қадағалау органының мәліметінше, аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылды.
«2024 жылғы 3 қыркүйектегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әкім Б.А. Қарасаев сыбайлас жемқорлық қызметіне күдік бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарының тәртібінде ұсталды. Аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Бүгін, 4 қыркүйекте прокуратура бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.