Серік Шалхаров 1974 жылы 7 тамызда Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. ОҚО мен ІІМ орталық аппаратында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды.
«Полковник Шалхаров өзін күрделі міндеттерді тиімді шешіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті және жауапты басшы ретінде көрсетті», - деп хабарлайды Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалғанын жазғанбыз.