Жазба авторларының мәліметінше, бейтаныс ер адам әйелдің мойнына арқан салып, оны тұншықтырмақ болған. Алайда әйел қашып құтылып үлгерген.
Жәбірленушінің туыстары күдіктінің әлі күнге дейін табылмағанын айтып, оқиға орнындағы бейнебақылау камераларының жазбалары бар екенін айтқан.
Бұған қатысты Алматы облысының полициясы түсінік берді.
– Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын және күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында полиция қызметкері әйелін көлікпен қағып өлтіргенін хабарлағанбыз.