Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша, 25 тамызда әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесетін топ туралы жедел ақпарат түскен.
- 28 тамызда осы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іске күдікті 38 жастағы Қызылорда облысының тумасы ұсталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазды полиция бастығы.
Еске салайық, Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі көлік өртенді.