10:22, 03 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі көлік өртенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі жеңіл көлік жанып кетті. Оқиға түнгі уақытта болған.
Әлеуметтік желіде автотұрақта жанып жатқан жеңіл көліктің бейнежазбасы тарады. Аталған жағдайға Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.
- 03.09.24, 00:59-да өрт сөндірушілер Е.Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты үйдің паркингінде 10 шаршы метр аумақты қамтыған 2 автокөліктің отқа оранғанын анықтап, өртті өшірді. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеді, - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда өндірілетін басты өнім қандай екенін жазғанбыз.